Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды

AstanaTV
23.08.2021ж. 20:00
1212
Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды

Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Дәстүрге сай, биыл да маусымды Түркістан облысы ашты. Жәрмеңкеде облыстың 17 ауданынан 500 тоннаға жуық өнімін әкелінген. Негізінен ет, балық өнімдері және сүт, жеміс -жидек пен бақша дақылдары.

Нұрбек БАДЫРАҚОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі таңда осы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Түркістан облысынан 50-ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер қатысып отыр. Жалпы 500 тоннаға жуық өнімдер осында тікелей алып-сатарларсыз, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына сатылуда. Жалпы келген 500 тоннаның 100 тоннаға жуығы ет өнімдері 250 тоннадай көкенесі, бақша, картоп өнімдері.

Облыс атқамінерлері, негізгі өнімдер бойынша елорда әкімдігімен бағаға талдау жасаған. Осының нәтижесінде өңірден жеткізілген өнімнің бағасын нарықтан 15-20 пайызға төмен саудалауда. Бұған тұтынушыларда дән риза.

Күміс МҰХАМЕДИЯ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бағасы ұнады міне жұмыртқа да, етте алдық. Бәрі арзан екен, жақсы екен. Өте ризамыз. Осындай жәрмеңке болып тұрса, өте ризамыз. Келіп тұрамыз. Жақсы екен. Иә көңіліміз толып тұр баға арзан екен. Базарға қарағанда да, дүкенге қарағанда да міне жеміс-жидектер алып жатырмыз.

"Хан шатыр" сауда орталығының жанында өткен жәрмеңкеге келушілер ұсынылған өнімдердің сапасын да атап өтті.

Руслан ЫДЫРЫСОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


21 тамыздан бастап бізде өңірлердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің кезекті маусымы басталды. Шарада барлық санитарлық талаптар сақталып отыр. Жәрмеңке жалғасады. Барлық өңірлер оған  қатысатын болады. Тұтынушылар мүмкіндігінше сатып алса деймін. Өйткені мұнда баға нарықтан қарағанда әлдеқайда төмен болады.


Дәстүрлі шара әр сенбі-жексенбі "Хан шатыр" сауда орталығының жанында ұйымдастырылмақ. Айта кетейік, жәрмеңке қазан айының аяғына дейін жалғасады.  

Б. Сатуов