«Астана» велоклубының мүшесі Алексей Луценко «Вуэльтаның» 5-ші кезеңінде жеңіске жетті. Ол аталмыш гранд-тур аясындағы шабандоздың алғашқы жеңісі. Беникассимнен бастап Алькосебрге дейінгі 175,7 шақырымды Луценко 4 сағат 24 минут 58 секундта жүріп өткен. Оны өкшелей келген Dimension Data клубының мүшесі Мерхави Кудус 2-шы орынға тұрақтады. Ал үшінші болып Movistar велоклубының мүшесі Марк Солер келді. «Астана» велоклубының капитаны 20-шы орынға табан тіреген. Естеріңізге сала кетейік, 24 жасар Алексей Луценко әлем чемпионы болып есептеледі.