$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Қазақстанның қасиетті орындары тізіміне Ақтөбе облысынан 4 нысан енгізілді

AstanaTV
24.08.2017ж. 20:00
4091
Қазақстанның қасиетті орындары тізіміне Ақтөбе облысынан 4 нысан енгізілді

Қазақстанның қасиетті орындары тізіміне Ақтөбе облысынан 4 нысан енгізілді. Бұл туралы бүгін «Нұр отан» партиясының аймақтық филиалында өткен басқосуда айтылды. Облыстағы басқарма өкілдері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жүзеге асу барысын баяндады. Партиялық тыңдау барысында туризм, өңірдегі қасиетті орындардың жай-күйі және білім саласындағы жаңашылдықтар сөз болды. Айта кетелік, қазірге дейін облыста мақаланы түсіндіру мақсатында 122 мың адамды қамтыған 335 шара өткізілген. Алға қойылған жоспарлар кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатыр.

Әлішер Мәжит, «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының бөлім меңгерушісі:

«Осы шара аясында жергілікті 4 мекеме өзінің есебін беріп жатыр. Қазіргі кезде қалай іске асырып жатыр, қандай жетістіктерге жетті, қандай жұмыс алда атқару керек екенін. Мәселен, бізде Туризм басқармасы, Мәдениет басқармасы сокральды мәдени маңызды нысандармен таныстырды. Қазір 4 объект республикалық картаға енгізілді. Абат Байтақ бар, Қобыланды батыр кесенесі бар, Есет батыр кесенесі бар және Әйтеке би ауданындағы Хан моласы кесенесі».