Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Екібастұз қаласының іргесіндегі Атығай ауылының халқы жол азабын тартып отыр

AstanaTV
23.08.2021ж. 20:00
1775
Екібастұз қаласының іргесіндегі Атығай ауылының халқы жол азабын тартып отыр
Екібастұз қаласының іргесіндегі Атығай ауылының халқы жол азабын тартып отыр. Шаһардан небәрі 10 шақырым ғана жерде орналасқан елді-мекеннен орталыққа қатынау қиын. Себебі, өткен ғасырда салынған тас жолдың талқаны шыққан.

 
Асан ШҰҒАЙЫПҰЛЫ, АТЫҒАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

30 жылдан бері бір жөндеу көрген жоқ. Өзі 10-ақ шақырым жер мынау. 10-11 ғана шақырым жер. Жаңбырлы күндері жүруге келмейді. Жаңбырлы күндері өте ауыр болады. Өйткен шұңқырларға су толып алады.
 
Ауыл тұрғыны Қамай Сағайұлы көлігінің жиі бұзылатынын айтады. Шұрқ-тесік жолға көліктің өзі шыдамайтын көрінеді.
 
Қамай САҒАЙҰЛЫ, АТЫҒАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жаман машинамыз бар күнде сынады, күнде сынады, күнде шағылады. Жұмыстан тыс суббота, жексенбі қаладан бір продукты алып келейін десең де, соған машина шыдамай қалып жатыр.

Едіге ӘЛДЕБЕК, АТЫҒАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біздің өтінетініміз осы қалаға дейінгі азғантай жерге жолымызды оңдап берсе екен дейміз. Халық өйткені әбден шаршады.

Ал жергілікті билік өкілдері жол салу жұмыстарының сағыздай созылып кетуіне қаржының қолбайлау болғанын айтады.  Жоба 2018 жылы жасаған. Алайда жобалауда кеткен қателіктен, жұмысты тоқтатуға тура келіпті.

Бауыржан АХМЕТОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бірінші кезеңі бар асфальттің үстін жамап, екінші кезеңі 5 см асфальт ғана жіберу қарастырылған екен. Ол жобамен жолды салған күнде ол көпке шыдамайтын еді. Өйткені, ол жақта бізде үлкен зауыттар бар. Сол солмен жүретін басқа разрездер бар. Сонымен қатар халықта қолданады.


Екібастұз әкімдігі биыл жаңа жоба жасап, жол салуға 325 млн. теңге бөлген. Жөндеу жұмыстары осы күз айында басталып, келесі жылы аяқталады деп жоспарланған. Жол сапасы «Nur Otan» партиясының бақылауында болады.

Ө. Қуанар