Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елордадағы мәдениет қызметкерлерінің 80 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырған

AstanaTV
23.08.2021ж. 20:00
1325
Елордадағы мәдениет қызметкерлерінің 80 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырған

Елордадағы мәдениет қызметкерлерінің 80 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Яғни қала бойынша 1900-ге жуық сала маманы болса соның 1700-і иммундау курсын аяқтапты. Бұл туралы басқарма басшысы Нұрлан Әлімжанов айтты. Екпе қазір де қарқынды жүріп жатыр.

Нұрлан ӘЛІМЖАНОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Енді біздің мақсатымыз 100 пайызға жеткізу. Сол кезде біз емін-еркін "Ashyq" бағдарламасымен осы театр қойылымдарына жаңа маусымымызды көтеріңкі көңіл-күймен, нық сеніммен ашамыз деген ойдамыз. Бұл әркімнің еркінде вакцина алу. Өзіңнің өмірің үшін өзі үшін керек вакцина. Біздікі тек қана айту. Сондықтан, ертең вакцина біткенде неге айтпадыңыздар демес үшін дәл қазір 80 доза вакцина алып келдік.

Екпе алуға ниеттілер үшін вакцинаның екі түрі әкелінген. Бірі - Қазақстанда жасалған, ресейлік "Sputnik V". Ал екіншісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған Қытайдың "Vero Cell" препараты. Вакцина салдыруға келгендердің арасында музыкалық "Жас көрермен" театрының қызметкерлері де бар. Көрермендерін сағынған әртістер тезірек қалыпты өмірге оралып, халыққа өнерін паш етуді асыға күтіп жүр.

Алмас ӘБДЕНОВ, МУЗЫКАЛЫҚ "ЖАС КӨРЕРМЕНДЕР" ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ:


Қазір осындай қиын заман. Вакцина алу керек. Сіздерді асыға-асыға күтеміз. Вакцина алыңыздар, біздің жаңа маусымымызға келіңіздер.


Сабира СҮГІРОВА, МУЗЫКАЛЫҚ "ЖАС КӨРЕРМЕНДЕР" ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ:

Бүкіл театр ұжымымен вакцина алуға келдік. Вакцина алдық. Ұжымның 99 пайызы алған шығар осы вакцинаны. "Sputnik V" вакцинасын алдым. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Ешқандай да өзгерістерді әлі байқаған жоқпын.

Мәдениет басқармасы өкілдерінің сөзінше, әртістер 100 пайыз екпе алса театр жұмысын қайта жандандыруға мүмкіндік туады. Десе де соңғы шешімді бас санитарлық дәрігер қабылдайды. Айта кету керек, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша вакциналау курсын 310 мыңнан аса тұрғын аяқтаған.

А. Данияр