$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Депутаттар Маңғыстаудағы ауыз су мәселесін шешуге атсалыспақ

AstanaTV
26.08.2021ж. 20:00
2377
Депутаттар Маңғыстаудағы ауыз су мәселесін шешуге атсалыспақ

Маңғыстауда ауыз су мәселесі шешілмеген. Әсіресе, Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының тұрғындары  тіршілік нәріне  жарымай, қиналып жүр. Мұнайлы өлкеге барған депутаттар күрмеулі проблеманы назарға алды.   Ақтау қаласындағы" Каспий" су тұшыту зауытын жаңғырту жоспарланған.  Зауытта   күніне 20 мың текше метр су өңделеді, ол 200 мың тұрғынның ғана қажеттілігін өтейді.   Өндіріс орнының қуаттылығын екі есе арттыру көзделіп отыр. Өзекті мәселені  депутаттар бақылауға алмақ.

Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN»  ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Өткен сәуір айында біздер депутаттар сол бюджетті нақтылаған кезде 6-7 миллиард ақша бөлінген республикалық бюджеттен сол жұмыстарды жүргізуге. Қазір енді қарап отырмыз. Кейбір ұсақ-түйек жұмыстар жүріп жатыр, бірақ ана бөлінген 6-7 миллиард ақша облысқа келіп түспеген.


Л. Қуанышқызы