Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жасотандықтар елордалық саябақта ерекше шараға ұйытқы болды

AstanaTV
27.08.2021ж. 20:00
1588
Жасотандықтар елордалық саябақта ерекше шараға ұйытқы болды

Жасотандықтар елорданың орталық саябағында ерекше шара өткізді. Белсенді жастар мен арнайы шақырылған қонақтар ашық аспан астында пікір алмасты. Талқылауға Олимпиада жүлдегерлері, әлеуметтік кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Олар өздерінің жетістіктерін, тіпті қателіктерін де әңгімеледі. Өмірлік тәжірбиелері арқылы жастарды жан-жақты дамуға шақырды. Жасотандықтар жақын күндері осы тектес шараларды ел аумағыдағы барлық өңірлерде өткізуді жоспарлап отыр.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Ең басты негізгі мақсаты, Жастар Отанған 2025-шы жылғы бағдарламасында көрсетілгендей жастардың біліми интелектуалды потенциалын іске асыру бойынша нақты қадамдарды жүзеге асыру болып табылады.

Т. Оспанбаева