Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ракеталық құрылғыларды сатпақшы болған

AstanaTV
31.08.2021ж. 20:00
1793
Ракеталық құрылғыларды сатпақшы болған

Теріскейлік азамат ракетаға арналған бұрыштық жылдамдық құрылғыларын ресейліктерге сатпақшы болған. 52 жастағы тұрғынның қолында 36 дана тауар болған. Ол  Омбы қаласынан сатып алушы іздеу кезінде  федералды қауіпсіздік қызметінің назарына іліккен. Ерекше тауар үшін 47 мың долларды олжалауды көздеген пысықай құрылғыларды сату кезінде құрықталды. Көрші елдің құзырлы органдары оны екі жылға бас бостандығынан айырды.

РФ ОМБЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФЕДЕРАЛДЫ ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТІ:


Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Маслов Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына контрабандалық жолмен бұрыштық жылдамдық құрылғыларын тасымалдаған. Аталған зат ракеталық кешендерді құрастыруда қолданылады. Ұсталған азамат әскери бағыттағы бөлшектерді сатудың заңсыз жолын ұйымдастырмақшы болған.


Құрықталған азамат Петропавлда бірнеше жылдан бері  жер тыңайтқыштарын сатумен айналысқан. Артынша алаяқтық үшін сотталып, екі жыл жазасын өтеп шыққан. Ресейліктер  оның әскери бөлшектерді Петропавл ауыр машина жасау зауытынан алғанына сенімді. Себебі, аталған кәсіпорын ракеталық кешендерді құрастырумен айналысқан. Алайда, өндіріс ошағының өкілдері  мұны  жоққа шығарып отыр.

Айдын ОРАЗХАНОВ, «ПЕТРОПАВЛ АУЫР МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біздің зауытта мұндай құрылғылар шығарылмайды. Мен қазір бұл сұраққа жауап бермеймін. Егер толығырық ақпарат керек болса, бізге ресми түрде хат жазыңыздар.

А. Құрманкин