Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Білім грантының 15 пайызы IT мамандығына бөлінеді

AstanaTV
03.09.2021ж. 20:00
2737
Білім грантының 15 пайызы IT мамандығына бөлінеді

Елімізде IT мамандар жетіспейді. Сондықтан  Президенті өз жолдауында кем дегенде 100 мың IT мамандарын дайындау қажет екенін айтты. Технология мен цифрлы әлем дамыған ортада бұл саладағыларға сұраныс өте жоғары.  Ақпараттық технологиялар саласындағы кадр тапшылығын қалай жеңуге болады? Әріптесім Ақбота Базарбай тарқатады.

Сұранысы да, табысы  жоғары АйТи саласының маманы болу оңай емес.   Грантқа түсу үшін  талапкер 100-дің үстінде бал жинауы керек.  Ал оған жете алмағандар, ойланбастан ақылы білім алып жатыр. Мамандардың айтуынша,  бұл саланың табысы оқуға төлеген қаражатты еселеп ақтайды.

Нұрғали АЛДОҢҒАРОВ, IT МАМАН:

Қазіргі таңда АЙТИ маман болып жұмыс істеймін деген кісіге, жақсы іс иегері болуға болады. Сәйкесінше жақсы маман, жақсы табыс табады.

Бауыржан БІРҚАМАЛОВ, IT МАМАН:

Оқып жүргенде 3-курста мен практика таптым, білімімді жетілдірдім. Нәтижесінде оқу бітіре сала жұмысқа тұрдым.   

Бұл мамандықтарға республика бойынша биыл 8 мыңнан астам грант бөлінген. Студент бірінші курсты аяқтағаннан кейін оқумен қатар  жұмыс та  істей алады. Нәтижесінде түлек дипломымен бірге 3 жылдық еңбек өтіліне ие болады.  

Бибігүл РАЗАХОВА, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МАМАНЫ:

Қоғамның сұранысына байланысты жасанды интелект даму қолға алынып жатқандықтан, биылғы оқу жылында жасанды интелект кафедрасы  құрылды. Және осы кафедраның құрамынан жасанды интелект білім беру бағдарламасы ашылды.


Ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ өндірісте үлкен тәжірибесі бар IT мамандарының шәкірт тәрбиелеуге де мүмкіндігі бар.  

Жанна ЕСІНБАЕВА, МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ:

20-сыншы жылы 11 мыңнан астам түлек бізде бітіріп шықты ЖОО осы сала бойынша, және олардың жұмысқа орналасу көрсеткіші 75 пайыз. Бұл біз үшін жақсы көрсеткіш.  


Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

IT саласының ауқымы өте кең. Ол тек программист емес. Ол - цифрлық дизайн, 3Д бағдарламалау мен модельдеу, жүйелік басқару, интернет пен жасанды интеллект. Сандық сала неғұрлым дамыған сайын,  шындықты виртуалды шындыққа айналдыратын, бағдарламалаудың жілігін шағып, майын ішкен мамандарға сұраныс онан сайын арта түспек.

А. Базарбай