Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елордада мәдениет қызметкерелері Президент жолдауын талқылады

AstanaTV
10.09.2021ж. 20:00
1814
Елордада мәдениет қызметкерелері Президент жолдауын талқылады

Келесі жылдан бастап 600 мың қазақстандықтың жалақысы өседі. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында осындай тапсырма жүктеген еді. Бүгін елордалық кітапханашылар "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел Өркендеуінің берік негізі" жолдауында қозғалған тақырыптарды талқылады.

Келелі жиынға қаладағы 18 кітапханадан мамандар жиналды. Сондай-ақ қоғам қайраткерлері де келді. Жолдау жолындағы міндеттерді түгендеген мәдениет саласының қызметкерлері алдағы уақытта іске асыруға тиіс жұмыстар жайын талқылады. Қоғам қайраткерлері Президент Жолдауының маңыздылығына тоқталды.

Сәдібек ТҮГЕЛ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Бұл ағынан ақтарылып, халыққа жоспарын жеткізу деген. Бір сөзбен айтсақ мемлекет бсшысының жан айқайы. Бүкіл барлық біздің сала қамтылған. Содан кейін ашық және анық айтылған. Барды бар деген, жоқты жоқ деген.+Жолдау халықпен байланыстың өте жақсы құжаты. Өйткені Жолдау халықтың көңілінен шықты.

Сондай-ақ жиында мәдениет қызметкерлері, Мемлекет басшысының бюджеттік мамандық иелеріне қолдау көрсетіп жатқанын, зор қуанышпен қабылғандарын айтты. Айтарлықтай оң өзгерістер күтеді. Әсіресе кітапханашылар, қорықшылар, мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, техника қызметкерлері мен көлік жүргізушілер үшін үлкен қолдау дейді. Жыл сайын 20 пайызға өсетініне қуанышты.

Гүлбадан МАДИБАЕВА, НҰР-СҰЛТАН қ. "ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР" ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз бір ұжым болып мәдениет саласында жұмыс жасап жүрген қызметкерлер жақсы сол Жолдауды тыңдап өзімізге өте жақсы, маңызды мәселелерді тыңдап бір қуанышпен қабылдадық. Жолдаудың ішінде кәдімгі қазіргі маңызды өзекті мәселелер қозғалынған. +Бұл жолдау әсіресе мәдениет саласы қызметкерлері қуанышпен қарсы алды.

Жиында мәдениет саласының майталмандары Жолдаудағы негізгі бағаттары бойынша пікір алмасты. Саладағы өзекті мәселелер көтерілді. Жолдауда қозғанған тақырыптар бойынша баяндама жасалды.

Б. Сатуов