$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ресейде әуе апаты өртке оранған

AstanaTV
13.09.2021ж. 20:00
1303
Ресейде әуе апаты өртке оранған

Ресейде L-410 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Оқыс жағдай Иркутск облысында орын алған. Бортта 16 адам болған. Қаза тапқандар бар. Мамандар апаттың неден болғанын айтты. Алдын ала болжам бойынша, техникалық ақау пайда болған. Сонымен қатар, Төтенше жағдайды тергеуге арнайы комиссия құрылды. Толығырақ әріптесім Динара Жарқынбек тарқатады.

Ұшақ белгіленген пунктке 4 шақырым қалғанда, Иркутск облысы аумағындағы орман алқабында құлаған. 4  адам қаза болды, тағы 12 жолаушы жарақат алған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар тобы қысылып қалған адамдарды көлік ішінен шығарды. Аман қалғандарына алғашқы медициналық көмек көрсетілді.  

Вячеслав ФЕДОСЕЕНКО, РФ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
 
Қазір бортта кептеліп қалғандарға, жарақаттанғандарға құтқару шаралары жүріп жатыр. Бұл мақсатқа 10 арнайы техника мен 50 шақты адам жұмылдырылған. Өкінішке орай, 4 адам қаза тапты. Құтқару амалдары әлі жалғасып жатыр.

Борттағы дыбыс жазылған арнайы құрылғы табылды. Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Бірақ, аман қалған ұшқышпен тілдесу әзірше мүмкін емес.  Себебі ол болған жайттан әлі есін жия алар емес.

Светлана ПЕТРЕНКО, РФ ТЕРГЕУ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Иркутск әуежайында сұйық отындар мен құжаттарды тексеру басталды. Химиялық және медициналық сот сараптамаларына жіберілді. Мамандар жауаптылармен тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Әуекомпаниясы өкілдерінің мәліметінше, ұшақ екінші қайтара қонуға әрекет еткен кезде апатқа ұшыраған. Бұл шамамен түңге қарай, яғни жергілікті уақыт бойынша сағат 23:15-те болған. Жергілікті куәгерлер бұл уақытта қалың тұман болғанын айтты. Дегенмен бүгін Ресей Тергеу комитеті әуе апатына техникалық ақаулар себеп болған деп мәлімдеме жасады.

Светлана ПЕТРЕНКО, РФ ТЕРГЕУ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Апатқа ұшақ жерге қонатын кезде ұшқыш қателіктерге жол біріп қойды, оған қоса техникалық ақауларда себеп болған болуы мүмкін. Қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиғаға байланысты тергеу комитеті қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Мамандар тергеу қорытындыларын хабарлауға уәде етті.

Д. Жарқынбек