$447.73 €502.98 ₽5.35

Джиу-джитсудан Мерей Қабдуллаев Азиаданың күміс жүлдесін алды

Джиу-джитсудан Мерей Қабдуллаев Азиаданың күміс жүлдесін алды
ҰОК

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындары аясында джиу-джитсудан жарыстар жалғасуда, деп хабарлайды Astana TV. 

85 келідегі  Мерей Қабдуллаев  алтын медаль үшін белдесуде Сауд Арабиясының өкілі Абдуллах Тариг Надамен күресіп, 0:7 есебімен жол берді.

Отандасымыз финалға дейін Батбайар Батсух (Моңғолия), Осама Набас (Иордания), Абдурахман Муртазалиевті (Қырғызстан) жеңген болатын.

Айта кетейік, бұған дейін джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков (69 келі) күміс жүлде және Сейілхан Болатбек (77 келі), Жібек Құлымбетова (48 келі) қола жүлде еншілеген еді.