Алматы облысында мәйітті бассыз жерлеген. Жұмбақ жағдайда көз жұмған малшының жақындары осылай дейді. Олар тергеушілердің әрекетін түсене алар емес. Айтуларынша, денесі ен даладан табылған Әлихан Ниязовқа қастандық жасалған болуы мүмкін. Өйткені сот-медициналық сараптамаға алынған мәйіт бассыз қайтарылды дейді.
Айдың-Күннің аманында ағасынан айырылып қалған Нұрлан Ниязов, тәртіп сақшыларының әрекетіне наразы. Айтуынша, 45 жастағы ағасы Балқаш ауданында жалданып сиыр баққан. Бірақ 23-ші тамыздан бері оны көрген-білгендер болмапты. Полиция іздеуге асықпаған соң, өзі кіріскенін айтты. Араға екі апта салып айдаладан денесін тапқан.
Нұрлан НИЯЗОВ, МАРҚҰМНЫҢ БАУЫРЫ:
Іздеуге өзім кірістім уже. Аналар мен барамын іздеп жатырмыз ырылдасып айқайласып, уже болдым аналармен. Тоқтадық жолдың шетіне уже менің жүрегім ауыра бастады. Ана жер қалың жыңғыл сексауіл қалың орман.
Нұрлан тергеу кезінде марқұмның басына оқ тигені анықталғанын жеткізді. Мәйіт күнге біраз қақталған дейді. Мамандар денесінде басқа жарақат жоқ екенін айтыпты. Күдікті азамат қазір қолға түскен. Бірақ Нұрлан, оқты басқа біреулер атуы мүмкін дейді.
Нұрлан НИЯЗОВ, МАРҚҰМНЫҢ БАУЫРЫ:
Жалпы Дениз атпаған, басқа біреу атқан күмәнім бар менің. Полициялардың да сөзіне қанағаттанбағандықтан, соларға да күлдіктенем, қатысы бар сияқты. Секрет, секрет дей береді.
Қара жамылған отбасы мәйітті жер қойнына тапсырғанымен, жаназасын шығара алмаған. Себебі сот-медициналық сараптама марқұмның басын алып қалыпты. Тек денесін ғана жақындарына берген.
Нұрлан НИЯЗОВ, МАРҚҰМНЫҢ БАУЫРЫ:
Ағамның басының қазір қайда екенін білмеймін. Криминалный экспертиза тексереді деді. Бастың оқ атылғаны белгілі боп тұр ғой. Сол жерден тексере алмайсыздар ма деп едім, жоқ оны криминальный экпертиза тексереді. Денесін алдық та кете бердік.
Облыстық Полиция Департаментінің хабарынша, бұл іс қазір прокуратураның бақылауында. Бірақ ондағылар да тергеу әрекететтеріне қатысты сауалдарға жауап беруден бас тартты.
Қанат СОНАБАЕВ, БАЛҚАШ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ, ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ТЕРГЕУ ТОБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Ниязовтың мәйіті табылуына байланысты ҚК-тің 99-бабымен яғни «адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталынған. Іс бойынша күдікті тұлға анықталып, күдікпен ұстауға алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат тергеудің мүддесі үшін жариялануға жатпайды.
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:
Прокуратураның мәлімдеуінше марқұмның басы қазір қаладағы сот-медициналық сараптамалық орталығында. Онда экпертизаның әлі қанша уақыт болатыны белгісіз. Дегенмен қара жамылған отбасы қанды қылмысты Ішкі Істер Министрлігі өз бақылауына алса дейді.
Ә. Лесбек