Қызылжарда жол бойында келе жатқан 12 жасар велошабандозды КАМАЗ көлігі басып кеткен. Спортшы сол жерде көз жұмды. Жергілікті веломектептің шәкірттері әуежайда жаттығып, негізгі жолмен үйіне қайтып келе жатқан. 5 баладан құралған топ бір сызықтың бойымен жүрген. Бескөл кентіне қарай бұрылмақшы болған сәтте біреуін жүк көлігі қағып кеткен. Қаза тапқан жас шабандоз -жаттықтырушының қызы көрінеді.
Баян БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Аталған факті ҚР қылмыстық кодексінің 345 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерілудің біріңғай тізіліміне енгізілген. Аталған қылмыстық іс шегінде барлық сараптамалық істер тағайындалды.
А. Құрманкин