$494.87 €520.65 ₽4.91
×

6 айда балалар арасында 105 суицид болған

AstanaTV
15.09.2021ж. 20:00
2526
6 айда балалар арасында 105 суицид болған

Елімізде  биыл жүзден астам бала суицид жасаған. Бұл туралы депутат Динара Закиева мәлімдеді. Сондай-ақ , мектеп оқушыларының 12 пайызы қудалауға ұшырайды. Бұл олардың психиологиялық жағдайына әсер етеді, кейде осы да суицидке әкелуі мүмкін дейді депутаттар.   

Статистика қорқынышты.   18 жасқа дейінгі жастар арасында өткен жылы 143 суицид және 306 өз-өзіне қол жұмсауға әрекет ету жағдайы болған. Ал биыл тек жарты жылдың ішінде 105 суицид пен 193 өз-өзіне қол сұғу әрекеті тіркелген.

Динара ЗАКИЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бірқатар өңірде суицид көрсеткішінің өсуі байқалады: Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары. Бұл - өте қорқынышты көрсеткіш. Осыған байланысты заң жобасында бұл мәселені шешу үшін орта білім ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмысын үйлестіру тетіктерін реттеу ұсынылады.


Ал палата спикері Нұрлан Нығматулин бұл мәселенің бір тармағы кибербуллингке тірелетінін айтты.  Депутаттардың ұсыныстары мен қабылданған пилоттық жобалардың нәтижесіз екеніне шүйлікті. Буллинг, кибербуллингге қатысты нақты шаралардың жүзеге аспай отырғанын айтты.  

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Буллинг және кибербуллинг деген – ол өте қауіпті нәрсе. Ол балалардың психологиясын бұзатын, суицидке алып  баратын  жол. Сондықтан, жаңа айтып кеткендей, балаларды, әсіресе, мектеп балаларды, буллинг  және  кибербуллингтен  толықтай қорғайтын нақты нормалар енгізуіміз керек.  

Психолог Балабек Сақтағановтың  айтуынша, кибербуллингті жеңуде ата-ана тәрбиесі өте маңызды. Көп жағдайда жастар сөз көтере алмайды,    кибер шабуылға, әлімжетікке жауап бере алмайтындар да солар.  

Балабек САҚТАҒАНОВ,  ПСИХОЛОГ:


Балалар қандай нәрсемен айналысып жүр,қандай ойда жүр, қандай мәселелері бар, осы бойынша мүмкіндігінше  ата-аналар күніне бір рет болмаса аптасына бір рет ашық әңгіме өткізу керек .+Күнделікті +ішкі ойын біліп отырса +балалар мұндай әрекеттерге бара бермейді.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Мәжілісте  3 млн-нан астам оқушының жағдайы мен өмірін жақсартуға бағытталған Заң жобасы қаралды. Мәжіліс төрағасының пікірінше, бұл бір ғана заң жобасымен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы проблемаларды шешу мүмкін емес.Сондықтан   әлі де жүйелі шаралар мен кешенді тәсілдер қажет.


Б. Сатуов