$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда мәйіттің қасы мен шашын қырып тастаған

AstanaTV
15.09.2021ж. 20:00
4615
Павлодарда мәйіттің қасы мен шашын қырып тастаған

Павлодарда Сарықамыс елді мекенінің 48 жастағы тұрғыны  ауылдасының үйіне мал союға кеткен  күйі оралмаған. Ал туыстары оның мәйітін бір күн өткен соң, сол үйден тауыпты.  Марқұмның неден көз жұмғаны белгісіз. Жақындарының айтуынша, оның  шашы мен қасын қырып тастаған.  

Ауылдасының үйіне өз аяғымен кеткен Тұрысбек Қабдыраш   шаңырағына табытпен оралды. Туыстары оның өліміне ауылдасын айыптап отыр. Өйткені оқиға болатын күні марқұмды ауылдасы жылқы союға көмектесуін сұрап, өзі  келіп ертіп кеткен.   

Цэцэггүл ТҮРКІСТАН, МАРҚҰМНЫҢ ӘЙЕЛІ:


Жоқ деп мені үйіне кіргізбей қойды зоборына. Жазғы үйінде өліп жатыр екен сол. Қан, қан жазғы үйдің іші тамшы тамшы қан жатты. Жан сақтап отырған жұбайымнан айырылдым енді. Қалай күн көрем.


Ал марқұммен  сол күні бірге болған елдімекеннің бір тұрғыны  ештеңе көрмегенін айтты. Не болғанын да білмеймін – дейді.

Талғат ЖҮСІПОВ, ОҚИҒА КУӘГЕРІ:

Мызғып кетіппін үстелде. Қасты алып тастапты. Сол екі ортасын білмеймін. Білмеймін қай кезде алып тастағанын. Тұрысбек үстелде ұйықтап жатты мен кеткенде. Алмат та да, Пашка да болған жоқ.

Ал жақындары болса, марқұмды зорлықпен өлтірген болуы мүмкін -дейді. Мәйітті көрген куәгерлер оның қасы мен шашын қырып тастағанын айтады.

Мұрат БАТТАЛҰЛЫ, КӨРШІСІ:

Түнде қайтыс болған адамды түскі бірге дейін ауылға айтпаған. Әйелі іздеп барған сұраған. Қасын бритвамен қырып алып тастаған.  Басын  мәйітте де бар шашын жартылай бритвамен алып тастаған.  

Ал полиция департаменті мұны жоққа шығарды.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


2021 жылдың 14 қыркүйегі күні Екібастұзға ауылдық аймағына қарасты ауылдардың біріндегі жазғы ас үйден 1973 жылы туылған адамның мәйіті табылды. Денесінде зорлық іздері болған жоқ. Сараптама қорытындысы бойынша  өлімге алкоголдік интоксикация себеп болған.


Марқұмның туыстары оның арақтан өлді дегеніне сенбейтіндерін айтады.  Күдікті бұрын  ауылда  учаскелік полиция  болған дейді.  Қазір зейнеткерлікке шыққан. Сондықтан ол жазадан сытылып кете ме - деп қорқады.

Манат САЯТ, ТУЫСЫ:


Мәйіт сол шалқасынан жатыр екен. Көп жатып қалғанға ұқсайды. Қап-қара боп кеткен. Басы ісіп, адам танылмайтындай болып кеткен. Сол жігіттің денсаулығы мықты еді. Тепсе темір үзетін азамат еді.  


Туыстарының атйуынша,  күдіктенген адам қанды оқиғадан кейін ауылдан кетіп қалған. Онымен хабарласу мүмкін болмай тұр дейді.

Ө. Қуанар