Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді

Коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді

Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі  азайып келеді.   Соңғы екі аптада сырқаттану көрсеткіші 35 пайызға төмендеген. Десе де, Алматы қаласында әлі жағдай мәз емес, мегаполис науқастанушылар  деңгейі бойынша көш бастап тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, былтыр наурыздан бері індетке 850 мыңнан аса адам шалдыққан.  Оның басым бөлігі жазылып шыққан. Вирус белгілеріне ұқсас пневмонияны да жеңгендер әжептәуір көп. Бірақ, өкінішке орай, қатарласа жүрген қос аурудан 15 мыңнан астам адам қайтыс болды. Ал екпе салдыруы керек тұрғындардың тиісті межесі орындалуға жақын. Қазір толық курсты аяқтағандар: алпыс пайыз шамасында. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы да қалыпқа келе бастады. Республика бойынша  Түркістан облысы, "жасыл" аймақта.  5 облыс "сары", 11 өңір "қызыл" белдеуде жатыр.

А. Данияр