Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қостанайда жеке тұрғын үйде жарылыс болды

AstanaTV
17.09.2021ж. 20:00
1734
Қостанайда жеке тұрғын үйде жарылыс болды

Ал Қостанайда жеке тұрғын үйдің жертөлесінде жарылыс болып,  үш адам зардап шекті. Оның екеуінің жағдай ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.  Ал үшінші адамның денесінің  12 пайызын күйік шалған. Ауруханаға жатудан бас тартқан соң үйіне жіберілді дейді дәрігерлер.

Ксения ЖЫЛҚЫБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

1995 жылы туған ер адам басынан, денесінен, аяқ-қолынан үшінші дәрежелі күйік алды, терінің 90 пайызы күйген. Екінші ер адам 1984 жылы тері, бас, кеуде және тыныс жолдарының 60 пайыз үшінші дәрежелі күйік алған. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр.

Мамандардың болжамынша,  жертөледе жүргізілген монтаждау жұмыстары кезінде    өрт қауіпсіздігі  ережесі  сақталмаған. Құрылыс көбігін пайдаланған құрылысшылар нұсқауға жүгінбей, тар жерде  бірнеше  сағат  жұмыс істеген. Соның салдарынан  газ-ауа қоспасының жоғары концентрациясы пайда болып, жарылысқа әкелген. Оқыс оқиғаның мән-жайын анықтау үшін іс полиция бөліміне жолданды.

Азамат ОРЫМБАЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қойманың іші бәрі жабық ғой. Ешқандай жел ештеңе жоқ.Бұлар үш сағаттан артық жұмыс істеп, соның ішінде жаңағы газ-ауа концентранты көбейгенде сосын біреуі темекі шекті ме тағы да басқа да  оттың ұшқыны болып, содан жарылыс болған.Ешқандай газ жарылмаған.Бастапқыда газ жарылды деген хабарлама берді.

З. Санай