Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Пермдегі атыс кезінде 8 адам қайтыс болып, 28 адам жарақат алды

Пермдегі атыс кезінде 8 адам қайтыс болып, 28 адам жарақат алды

Ресеййдің Перм университетінде оқ жаудырған күдікті қолға түсті. Ұстау кезінде жарақаттанған. Кейін ауруханада көз жұмды. Ал аймақта ертең аза тұту күні жарияланды. Еске салайық, Пермь мемлекеттік университетіне жасалған шабуылдың салдарынан 8 адам жан тапсырып, 28 адам жарақат алды. Қанды оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Үрейленген студенттер университет терезелерінен секіріп, жанын сақтап қалды. Ал мемлекеттік жоғарғы оқу орнына баса көктеп кірген қарулы бейтаныс, әуелі күзетшіні атып өлтірген. Слсын жан-жағына оқ жаудыра бастапты. Аудитория ішінде бас сауғалаған студенттер мен оқытушылар дін аман.

Қарулы адам сегіз адамды атып өлтіріп, тағы отызға жуығын жаралаған. Көп ұзамай оқ жаудырған жігітті патрульдік полиция қызметкерлері қолға түсірген. Кіші лейтенант Константин Калинин дәл сол маңда жол көлік апатын рәсімдеп жатса керек. Куәгерлердің айтқанын анықтау үшін, дереу жоғары оқу орнына аттаныпты.

Константин КАЛИНИН, ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Әріптесім эвакуация жағын ұйымдастырды. Мен ғимараттың  бірінші қабаттына жүгірдім, қарулы жігіттің түсіп келе жатқанын көрдім. Оған  қаруыңды лақтыр деп айқайладым. Бірақ ол мен жақты көздеп оқ атты. Мен оған қарсы атыс қаруын қолдандым. Жас жігіт құлаған кезде жанына жылдам жетіп, оның мылтығы мен пышағын жұлып алдым. Содан кейін медициналық көмек көрсете бастадым.

Тергеу комитетінің хабарлауынша, күдікті аңшы мылтығын жуырда ғана заңды түрде сатып алған. Не үшін мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз.

Светлана ПЕТРЕНКО, РФ ТЕРГЕУ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Күдіктінің жеке басы анықталды. Ұстау кезінде қарсылық көрсетем деп жарақаттанды. Тергеу ол жөнінде сипаттамалық материалдар жинайды, оқиғаның барлық мән-жайлары анықталады.


Оқ жаудырғанның кім екені анықталды. Ол сол университеттің студенті,  18 жастағы Тимур Бекмансұров болып шықты.  Өзінің қылмыстық әрекетінің жай-жапсарын, әлеуметтік желідегі парақшасында жазып қалдырған. Қаруды қалай сатып алғанын,  психиатр –дәрігерден комиссия өткенде қандай айлаға барғанын да сонда баяндапты. Енді оның жақтастарының болған-болмағанын тергеу барысы анықтайды. Қазір ол ауруханада ауыр халде жатыр. Университетте криминалист мамандар жұмыс істеуде. Қылмыстық іс қозғалды.

З. Санай