«Нұр Отан» партиясы тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тұлпар мініп, ту алған!» атты байқау ұйымдастырмақ. Сайыс талабы бойынша 6 және 10 сынып оқушылары «Едіге батыр» жырын жатқа айтуы тиіс. Сондай-ақ тарихи оқиғаларға қатысты сұрақтарға жауап беріп, өлең жолдарында кездесетін көне сөздердің мағынасын ашуы керек. Байқау 25-қыркүйек пен 5-қараша аралығында өтеді. Жеңімпаз оқушылар мен олардың ұстаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Дәурен ОМАРОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША "QAZAQ EPOS" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛІ:
Аудандық кезеңде бірінші орын алған оқушыларға 150 мың, екінші орын алғандарға 100 мың, үшінші орын алғандарға 50 мың теңге қаржылай сыйақысы бар . Ұстаздар дипломдармен марапатталады. Аудандық кезеңде алғашқы 3 орынды алған, облыстық кезеңге өтеді, облыстық кезеңде топ жарған оқушыға 750 мың теңге беріледі. Ал оның ұстазына 1 жарым миллион.
А. Базарбай