Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Алматыдағы бассейнде балалар хлордан уланып қалды

AstanaTV
23.09.2021ж. 20:00
1665
Алматыдағы бассейнде балалар хлордан уланып қалды

Алматыдағы бассейндердің бірінде 11 бала хлор буынан уланып қалды. Олар жедел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер 12 және 14 жас аралығындағы жасөспірімдердің жағдайын орташа ауырлықта деп отыр. Барлығы да жүрек айну, бас ауыру, жөтел сынды диагнозбен ауруханаға түскен.

Алуа ЖЕКСЕНОВА, АЛМАТЫ қ. БАЛАЛАРҒА ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Дәрігерлердің қарауынан кейін хлормен жедел улану диагнозы қойылды. Балаларға жедел түрде медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты, орташа ауырлықта.

Дәрігерлер науқастардың әзірге ауруханада болатынын айтты. Балалар әдеттегінше бассейннің синхронды жүзу тобына барған. Артынша өздерін нашар сезініп, жедел-жәрдем шақыртыпты. Аталған бассейн өкілдері қандай да ақпарат беруге құлықсыз. Тек су тазарту жүйесінде ақаудың болғанын хабарлады. Қазір Полииция бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғады.

АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.


Ә. Лесбек