Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтөбе қоқыстан қашан арылады?

AstanaTV
24.09.2021ж. 20:00
2449
Ақтөбе қоқыстан қашан арылады?

Ақтөбе билігі қоқыстың мәселесін шеше алмай жүр. Тұрмыстық қалдықтар уақытында шығарылмайды деген тұрғындардың шағымы әлеуметтік желілерде де жиілеген. Әсіресе, қаланың ескі бөлігі мен "Тұрғындар" қалашығы ауданындағы контейнерлер аузы-мұрынынан қоқысқа толы. Тамақ қалдықтары апталап жататындықтан, қоқыс алаңдарында егеуқұйрықтар пайда бола ма деп қауіптенеді халық.

БЛИЦ:

- Мен қай жерге барамын, сол жерде қоқыс жатады, любой ауламен өтесің, барлық жерде қоқыс. Білмеймін оған кім жауап беретінін.

- Қоқысты шығару керек. Шығармаса болмайды, қаланың ішінде, таза болуы керек қаланың іші, жақсы болуы керек.

- Как всегда жатады жазда шыбындап. 1-2 жеті, он күннен артық жатады, мен Ситиде тұрамын, 9 этажды үй, адамдар көп тастайды.


Қала әкімі Асхат Шахаров Ақтөбенің қоқысқа батып отырғанын мойындады. Арнайы техника жетпегендіктен, жауапты компаниялар қоқыс жинап үлгермей жатыр деп ақталды. Әкім қазір қоқыс таситын көлік санын көбейту үшін қаржы іздеп жатқанын айтты. Әрқайсысы 40 млн теңгеден, шамамен 10 техника алғысы бар.

Асхат ШАХАРОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ол мәселе бар, жасырмаймыз. Себебі, екі ай бұрын 5 компания жұмыс атқарса, соның ішінде қаланың ескі бөлігінде, 41-бекет, Ясныйда, Бесінші компания өз жұмысын тоқтатты бізге ескертпестен. Сондықтан осы мәселе болды. Біз арнайы техника алу мәселесін қарастырудамыз. Жыл аяғына дейін.

Г. Сейтенова