Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Нұротандықтар сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылауға алды

AstanaTV
24.09.2021ж. 20:00
1321
Нұротандықтар сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылауға алды

"Нұр Отан" партиясының сайлауалды бағдарламаларының  орындалуы қатаң бақылауда. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттары саяси   кеңес бюросында    мектептер мен ауруханалар құрылысы, жолдарды салу, жөндеу жұмыстарын талқылады.   Әсіресе, шекарадағы  аудандар мен бұрынғы аудан орталықтары партиялықтардың ерекше назарында.  Басқосуда  10 нысанға қатысты   проблема бар екені айтылды.   Семейдегі екі жаңа балабақшаның жобалық-сметалық құжаттарын дайындау кешіктірілсе, Шемонаиха ауданындағы аурухананы жөндеу жұмыстары межелі мерзімнен кейінге қалған.  Аягөздегі 60 пәтерлік екі үйдің тағдыры да  күмәнді. Саяси бюро мүшелері бұл олқылықтардың себебін жіті тексеріп-зерттейтінін және Жол картасының барлық тармақтары орындалмайынша бақылау бәсеңдемейтінін айтты.

Инесса ЧЕРНЫШЕВА, ШҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз бағдарламада жоспарланып, көрсетілген жұмыстардың барлығы, яғни, шығысқазақстандықтардың тұрмысын жақсартуға бағытталған шаралар міндетті түрде орындалады деп сенеміз. Облыстық мәслихаттың бірінші сессиясында біз әр депутат осыны өз бақылауына алуы тиіс деп шешім қабылдадық.

Е. Карин