$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Екібастұзда заңды тұлғалар үшін жылу тарифі арзандайды

AstanaTV
24.09.2021ж. 20:00
1729
Екібастұзда заңды тұлғалар үшін жылу тарифі арзандайды
Екібастұзда заңды тұлғалар үшін жылу тарифі арзандайды. 1 қазаннан бастап кәсіпкерлер жылудың әр шаршы метріне 9 400 теңге төлейді. Бұл туралы  Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облыстық департаменті хабарлады. Айтуларынша, «Екібастұз жылу энерго» серіктестігінің жаңғырту жұмыстарын жүргізбеуі тарифті төмендетуге себеп болған. Кәсіпорын инвестициялық жоба үшін Үкіметтен қомақты қаражат алған, бірақ  міндетін орындамаған. Сондықтан,  құзырлы орган көлемді қаржыны тариф құнын төмендету арқылы қайтарып алмақ.

Ибрагим ТАНГИЕВ, ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Заңды тұлғалар үшін жылу тарифінің құны 5062 теңгеге арзандады. Бұл -35 пайыз. Төмендетілген тарифтің  түбіртегін кәсіпкерлер қазан айының соңында қолдарына алатын болады.  

Естеріңізге салайық, біз өткен шығарылымдарымыздың бірінде Екібастұз кәсіпкерлерінің жылу тарифі қымбаттығына шағымданғаны туралы айтқан болатынбыз.  Себебі, бұған дейін заңды тұлғалар жылудың  бір шаршы метріне 14 462 теңге төлеп келген. Ал бұл- еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда, ең жоғары тариф. Монополияға қарсы қызмет өкілдері мұны Екібастұз жылу станциясының тек жылу ғана өндіретіндігімен байланыстырған болатын.

Ө. Қуанар