Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылордада 11 отбасы қара суықта далада қаламыз ба деп қорқады

AstanaTV
28.09.2021ж. 20:00
1166
Қызылордада 11 отбасы қара суықта  далада қаламыз ба деп қорқады

Қызылордада 11 отбасы қара күзде қаңғып қаламыз ба деп қорқып отыр. Өйткені жергілікті әкімдік оларды сотқа берген. Баспанасын босатып, жер телімін мемлекет меншігіне қайтаруды талап етуде.   Ал тұрғындар жауаптылар  бізге басқа үй берсін немесе қаржылай компенсация төлесін дейді.  Халық пен билік арасындағы мәселе неден туындады? Тілшіміз тарқатады.

Бұл -бұрынғы Қалғандария елді мекені тұрғындарының жанайқайы.   Олар мұнда 50 жыл бұрын көшіп келген.  Бар проблема Сырдария өзенінің сол жағалауы игеріліп, айналаға үйлер салына бастаған соң  басталды дейді тұрғындар. Өйткені, олардың баспаналары жаңа шаһардың жоспарына енбеген.  Бұл аумақтағы 33 жеке тұрғын  үйдің 15-інің егесі  тиісті қаржы мен көмекті алып, көшіп кеткен. Бірақ қалған отбасыларға ұсыныс жасалмаған көрінеді.  

Алтынай НАКИПОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Бізге ешқандай компенсация, ешқандай көмек берілмейді дейді.Біз сол үшін жоғарғы жақтардан, әкімдіктерден, облыс басшыларынан әділдік сұраймыз. Бізге көмек берілсе екен дейміз.Біз баратын болсақ баяғыдан барар едік.


Алтын СЕЙДӘЛИЕВА, БАТЫР АНА:
 
Шеттей бала-шағамен қыстың көзі қырауда, қырау болмаған күндеде қайда көшіп барамын? Айтыңдаршы әділдікті істесеңдерші.


Ал әкімдіктегілер жеке тұрғын үйлердің заңдастырылған құжаты жоқ дейді. Сондықтан  сотқа жүгінген. Екі отбасыға қатысты үйді бұзу туралы сот шешімі шыққан.  Жауаптылар мәселені шешу үшін  кәсіпкерлерден көмек сұрап отырмыз дейді.

ҒАНИБЕК ОМАРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:
 
Бүгінгі күнге дейін сот тарапынан екі отбасыға қатысты шешім қабылдады. Үйін өз есебінен бұзу туралы. Қалған отбасыларды қараусыз қалдырды. Қазіргі таңда қала әкімдігі тарапынан кәсіпкерлерден көмек сұралып жатыр. Осы 11 отбасыға көмек жасап көшіру жөнінде.

Тұрғындардың сот шешімін күтуден басқа амалы жоқ.  Тек қара суықта далада қаңғып қалмасақ болды дейді олар.
 

Б. Сатуов