Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Біртановтың қорғаушылары Президентке үндеу жолдады

Біртановтың қорғаушылары Президентке үндеу жолдады

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша тергеу халықаралық жанжалға айналуы мүмкін. Бұл туралы экс-министрдің адвокаттары мен қорғаушылары айтты. Олар  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап,  Президенттен   экс-министрді қудалауды тоқтатуды сұрады. Біртановтың үлкен ағасы, оның қоғамдық қорғаушысы Ержан Біртанның айтуынша, 2020 жылы Қаржылық мониторинг агенттігі тергеуді ұрлық туралы бап бойынша бастап, 14 ай бойы ешқандай дәлел таппаған. Кейін оған тағылған айып қызмет бабын теріс пайдалану деп қайта өзгертілген.

Ержан БІРТАН, ЭКС-МИНИСТРДІҢ АҒАСЫ, ҚОҒАМДЫҚ АДВОКАТ:


Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біз бәріміз жалған картинаны көріп отырмыз. Үкімет Платформаны енгізу бойынша жұмысты әлі жалғастыруда. ЛОР техникалық қолдау көрсетеді. Бірақ Қаржылық мониторинг агенттігі мен Бас прокуратура Елжан Біртановты заңсыз ұстауды және тұтқындауды ақтау үшін қоғам мен сотты Платформа жұмыс жасамайтынына және ЛОР өз міндеттемелерін орындамағанына сендірді. Платформаның үш жылдық кепілдік мерзімі 2021 жылдың 5 қарашасында аяқталады.

Дәл осындай жүйе өзге елдерде де жүзеге асырылған. Мысалы халқы бізден екі есе аз Белорусь елінде оған 57 миллион доллар жұмсалған. Ал бізде 17 миллион.  Шет елдерде платформаны біріктіруді біздегі сияқты жобаны әзірлеуші емес, жергілікті компаниялар жүзеге асырады. «Астана Таймс» редакциясында Армения мемлекетінің денсаулық сақтау министрліктерінің жазбаша жауабы бар.  

АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Армения Республикасының Үкіметі Ericsson Nikola Tesla -мен келісім шартқа отырған жоқ. Бұрынғы келісім бойынша барлық міндеттемелер орындалды. Қазіргі уақытта Армения Республикасының Үкіметі электронды денсаулық сақтау жүйесінің дамуы мен интеграциясын қамтамасыз ететін «Электронды денсаулық сақтау операторы» жеке компаниясымен келісімде отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын  қолданысқа енгізіп, қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталған болатын.  Ол бір жылға жуық уақыттан бері үй қамағында отыр.

А. Базарбай