Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мемлекет басшысы ШҚО Ақтоғай кен байыту кешеніне барды

AstanaTV
01.10.2021ж. 20:00
2938
Мемлекет басшысы ШҚО Ақтоғай кен байыту кешеніне барды

Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай кен байыту кешенінде жаңа фабрика іске қосылды. Бұл кеніштің мыс өндіру жөнінен әлемдегі ірі кен орындарының қатарына қосылуына мүмкіндік берді. Шараға Мемлекет басшысы арнайы қатысты. Президент кешенді аралады, оған кен өндіру процесін көрсетті.  Айта кетейік, комбинаттың екінші фабрикасының іске қосылуы кен өңдеу көлемін жылына 25-тен 50 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 700 жаңа жұмыс орны пайда болды. Келесі жылдан бастап бұл кен орнында 190 мың тонна мыс өндіріледі деп жоспарланып отыр. Кешенде жалпы 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жоба ұлттық индустрияның дамуына жаңа серпін береді және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тамаша сыйлық болды деді-ашылу салтанатында сөз алған Президент.

Б. Сатуов