$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Қарағанды облысында сиырлар уланған

AstanaTV
08.10.2021ж. 20:00
1693
Қарағанды облысында сиырлар уланған

Қарағанды облысының Осакаров ауданында мал жаппай қырыла бастаған. Ірі қараның өлекселері  даладан табылды. Тұрғындар сиырлар белгісіз химиялық заттан уланды деп отыр. Мұны ветеринарларда растады. Мамандардың айтуынша, мал жемтіктері ауыл шетіндегі қоқыс алаңынан табылған. Бұл маңнан белгісіз зат қосылған астық қосындысы да анықталыпты. Оның химиялық қоспалармен өңделуі де мүмкін,- дейді. Алдын ала болжам бойынша сиырлар осы жемді тым көп жеген. Алайда астыққа дәл қандай улы зат қосылғаны арнайы зерттеуден соң анықталмақ.  

Қайырбек ТҰРСЫНБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Алдыңғы предворительный диагноз ол жаңағы острая тимпания. Жіті түрде енді зертхана алынған сынамалардан толық нүктесін қояды.  Зерноотходты кім тастағаны, қандай жағдайда, оның жааңағы уланған зерноотход па оны жаңағы зертхана қорытындысымен ғана біз анықтай аламыз.

Осакаров ауданның тұрғындары біздің арнамызға берген сұқбаттарында мал өліміне жайылымның жоқтығы себеп болғанын хабарлады. Тұрғындардың айтуынша жер жетпегендіктен мал кейде егін орылған жерге де барады. Осының салдарынан ауылдарда тыңайтқыш, химиялық заттармен уланған, ауырған ірі қаралар көбейген.

Мұхит ҚАПУ, ОСАКАРОВ АУДАНЫ САРЫӨЗЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазан айының 5- і күні сиырым жоқ болған. Сол күннен бері іздеп таба алмай екі күн іздедім. Хозяйство полясынан тауып әкелдім, әрең келді. Бұл асырап отқан жалғыз сиырымыздың өтемақысын енді кім төлейді?

А. Қуаш