Спорт Қазақстан
$450.47 €488.81 ₽4.84
×

Павлодарда көмір кенішінде 5 шақырымға созылған ұзын сонар кезек пайда болды

AstanaTV
11.10.2021ж. 20:00
1135
Павлодарда көмір кенішінде 5 шақырымға созылған ұзын сонар кезек пайда болды

Павлодарда көмір кенішінде 5 шақырымға созылған ұзын сонар кезек пайда болды. Қаз қатар тізілген жүк көліктерінің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Баянауыл ауданына қарасты «Майкөбе» көмір кенішінде болған. Көлік жүргізушілері отын тиеу үшін мұнда 3 күннен бері тұр.

Ал жергілікті билік өкілдері  бұндай кезектің пайда болуына қолайсыз ауа райы себеп болғанын айтты. Қардың жаууы көмір кенішіндегі жұмысты қиындатқан көрінеді. Жердің тайғанақ болуына байланысты, жүк көліктерінің жоғарыға қарай шығуы баяулап, содан ұзын сонар кезек пайда болды – деп отыр.

Марсель ҰЗАҚОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Қазір басқарма басшысы "Майкөбе» көмір кенішінде жүр. Алаңдататындай жағдай жоқ. Кеніш өзі режимінде жұмыс істеп жатыр. Кезек жоқ. Көмір тиеу жұмыстары қалыпты тәртіпте жүргізілуде. Қатты отынға деген тапшылық та жоқ.


Ө. Қуанар