Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Әлеуметтік қызметтер порталына түзетулер енгізілмек

AstanaTV
12.10.2021ж. 20:00
1030
Әлеуметтік қызметтер порталына түзетулер енгізілмек

Елімізде әлеуметтік қызметтер порталының қолданысқа енгеніне  2 жылдан асса да, әлі шикі. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы жанындағы жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында айтылды.  Партиялықтардың пікірінше,    әлеуметтік осал топтағы адамдар әлі күнге дейін  тиісті әрі сапалы медициналық оңалту құралдарына қол жеткізе алмайды.  «Е-собес» ақпараттық порталында іркіліс көп, қызмет алуға өтініш беру техникалық кедергілерге байланысты жұртты әуре-сарсаңға салады дейді  Мәжіліс депутаты Зарина Қамасова.

Зарина ҚАМАСОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ  ДЕПУТАТЫ,  "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Менің көзімше мүгедек баланың анасы памперс алу үшін порталға өтініш бермек болды. Оған бөлім қызметкерлері көмектесу үшін бірнеше рет талпынғанымен, өтінішті жібере алмады. Баланың анасы бір аптада үш рет келді және ол қала тұрғыны. Ал мұндай жағдайда шалғай ауданда тұратындар не істеу керек? Өтініш беру үшін арнайы келгенде портал осылай «қатып» тұра ма?»


Кеңес мүшелері Еңбек министрлігіне әлеуметтік қызметтер порталының жұмысына қатысты  ескертулерді жоюды ұсынды. Сондай-ақ,  оңалту құралдарын жеткізушілер арасында бәсекелестік болуы үшін жаңа жеткізушілер тарту идеясы, шипажайлардың қолжетімділігін тиімді бағалау  мәселелері талқыланды.

Д. Жарқынбек