Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жамбылда білім беру жүйесін жетілдіруге биыл 100 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген

AstanaTV
21.08.2017ж. 20:00
2275
Жамбылда білім беру жүйесін жетілдіруге биыл 100 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген

Жамбылдағы білім беру жүйесін жетілдіруге биыл 100 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Өзгелерін айтпағанда, ел қазынасынан бөлінген қаражатқа 4 балабақша бой көтерді. Оны кәсіпкерелер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салған. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясы Тараз қалалық филиалы «Қызмет» бастауыш партия ұйымының жиынында айтылды.

Бақыт Жақсылықова, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы №52 «Қызмет» БПҰ төрайымы:

Білім беру жүйесін қаржыландыруға биылғы жылы 97,9 млрд теңге қарастырылды. Жыл басынан бері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 365 орындық 4 балабақша ашылды. Облыста 3 тілде білім беруге көшуге дайындық жұмыстары басталып кетті. Жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу үшін 7 мектепте «Назарбаев» мектептерінің іс-тәжірибесі таратылуда.

Жиында Президенттің «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны» жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамының» басымдықтары айтылды. Оны жүзеге асыруда оң өзгерістер бар.

Соңғы 3 жылда аймақта 204 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Ал, денсаулық саласы жүйесін жақсарту бойынша қаржы көлемі 55 млрд теңгеден асады. 3 жылдық мерзімге арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы 5 бағыт бойынша «Жол карталары» бекітіліпті.

Аймақ агросаласында да Жолдау міндеттеген тапсырмаларды уақытылы іске асырып жатыр. Мәселен, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 184 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Бұл ретте 2700 адам жұмыспен қамтылған.