Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / "Атырау-Астрахань" тас жолының құрылысы тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

"Атырау-Астрахань" тас жолының құрылысы тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

40 жылға жуық жөндеу көрмеген Атырау-Астрахань тас жолының құрылысы тағы да кейінге шегерілуі мүмкін.   Қазір күре жол құрылысы толық тоқтап тұр.   3 жылға жоспарланған құрылыс неге сағызша созылып барады? Жауаптылар бұған не дейді?  Өңірден-Базаргүл Нәдірқызы.

Атыраулықтарды,әсіресе, халықаралық трассадағы Атырау-Құрманғазы  бағытындағы 300 шақырым жол әбден титықтатып тұр.  40 жылға жуық жөндеу көрмеген  шұрқ-тесік  жолда көлік  апаты жиі болатындықтан оны халық  «тозақ жолы» атап кеткен.  Мұнайлы шаһарды 3 ауданмен байланыстыратын автокөлік жолын жөндеу жұмысының сағызша созылғаны  халықтың әбден ашуына тиіп отыр.

Серікбол Сабиров, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Бұрынғыша, тұр Жасалып жатқан жоқ жұмыс. Қалай бұзылды солай тұр. Бұрынғысы жақсы мына жолдан. Машина бұзылады. Запчасти қоймайды.


Еркін ҚҰБАШЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Айналма жолдардан машина жүру қиындап кеткен. Қара жолмен келдік. Тоқтап қалды ғой жұмыс.


«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында басталған құрылыстың құны – 70 млрд теңге.  Жоспар бойынша келер жылы толық пайдалануға берілуі тиіс еді. Бірақ   қазір  халықаралық  жолда  жұмыс тоқтап тұр.  Себебі, мердігер 3 компания    мұны аяқсыз қалдырып,  өзге шаруамен айналысып кеткен. Аймақтағы жауапты мекеме мамандары  осылай дейді.

Қайырболат ІЗБАСОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» АҚ АТЫРАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Құрылыс компанияларының кейбір жерде базалары жоқ. Кейбір жерде зауыттарды әкеп қойған жоқ әлі. Кейбір жерде тупиктары жоқ.  Тасылған материалдары жоқ. Биыл Ақтөбе бағындағы жол тапсырылады 228 шақырым қазір «Ақжол» компаниясы сол жерде 3 лотта жұмыс жасап жатыр.

Қалған екі мердігер  компания да жыл соңында аяқтауы тиіс өзге өңірлердегі жол құрылысына кірісіп, Атыраудағы жобаны ұмыт қалдырғанға ұқсайды. Олардың мәселесі қазір май шаммен қаралуда, тіпті келісім-шарт бұзылуы мүмкін. Осыған дейін салынған жол сапасы да талапқа сай емес дейді мамандар.  Топырақ құрамынан тұз бен сульфат анықталған. Соған байланысты  жол үстіне тағы бір  асфальтты-бетонды қабат қосу үшін  жобаға түзетулер енгізіліп жатыр.   

Б. Нәдірқызы