$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Оқушылардың төбелесі ұстаздар арасындағы жанжалға ұласты

AstanaTV
13.10.2021ж. 20:00
2960
Оқушылардың төбелесі ұстаздар арасындағы жанжалға ұласты

Батыс Қазақстан облысындағы оқушылардың төбелесі мектеп мұғалімдерінің арасындағы жанжалға ұласты. Теректі ауданындағы орта мектептің оқытушысы Мейрамгүл Құбашева, қатарластары соққыға жыққан баласының халі ауыр екенін айтады. Ашынған ана араша сұрап, әлеуметтік желіге де жүгініпті. Ал әріптестері бұл дауды бәз біреулер мектептің беделіне нұқсан келтіру үшін пайдаланып отыр деген пікірде. Ұстаздардың жанжалы келесі бейнематериалда.

Ата-аналар комитетінің өкілдерінің сөзіне сенсек, бір-бірімен төбелескен балаларды ажыратқанда Расул оқыс құлап, жарақат алған. Бірақ оқушының анасы мұнымен келіспейді. Ол мұндай өрескелдіктің жиі қайталанатынын әлеуметтік желіге де жазып, мұңын шағыпты. Ал соңғы күндері ұлын уайымдап, саулығы сыр берген.

Мейрамгүл ҚҰБАШЕВА, ЖӘБІРЛЕНГЕН ОҚУШЫНЫҢ АНАСЫ:

Ауруханадан шықты. Сторясение головного мозга болды. Басында үйге келген мұғалімін танымау деген болды. Невропатологқа тіркелдік. Бұған дейін де болды. Менің өз баламның басында уже үшінші төбелес. Мектеп ішінде де болды. Бірақ мен оған көзжұма қарадым. Тағы да осы жақында тіркелді. Мектеп арасындағы төбелес болды. Бірақ оны тәрбие ісі жөніндегі завучтар жауып тастады.

Мектеп басшылығы болса, бұл оқиғаның ізімен арнайы комиссия құрылып, қызметтік тексеру басталғанын жеткізді. Кінәлілер жазасыз қалмайды деп сендерді.

Эльмира ӨТЕПБЕРГЕНОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Әлеуметтік желіде ол кісінің мектеп формасын сақтамау жөнінде айтылған. Білім минисрлігінің бұйрығында мектеп формасы оқушылардан талап етілмейді. Бірақ классикалық үлгідегі киім үлгісі талап етіледі. Сондықтан да бұл жағдайда негізгі нақты факті жоқ.


Мектеп директорын қолдаған мұғалімдер де балалар арасындағы жанжалды ересектердің өз мақсатына пайдаланып, мектепке күйе жаққысы келетінін айтады.

Айжан МЫРЗАҒАЛИЕВА, МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ:

Ана өзінің жанайқайын әлеуметтік желіге салып шығарғысы келген шығар. Бірақ сол мәселе директордың өзінің кабинетінде де шешіле жаздаған. Бірақ осы мәселеге қатысты Мейрамгүл Боранбаевнаның басқа бір пайдалану бағытында мен осы сөзіме жауап бере алам, осыны басқа бір бағытқа бұрып, елді шулатып, мектептің бүкіл жасап жатқан жұмысын нөлге айналдыру әрекеттері істеліп жатыр.

Тілекқабыл НҰРЫШОВ, МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ:

- Енді мектепте тәртіп болмағаннан кейін мектепте бір-бірімен тіл-табыса алмай, бір-бірімен төбелесіп тұр ғой балалар. Егер олар бір-бірімен жақсы болса, неге төбелеседі мектептің сыртында?

- Сұрақ сізге! Бір жағдай үшін мектептің директоры мен завучты орнынан алу кімге керек?

- Мен орнынан ал деген заявление жазған жоқпын. Маған неғылдейсіз?

- Жоқ, осы шуды көтеріп отырған сіз!

- Жоқ, сізсіз! Осы кісі келгеннен кейін берекетіміз кетті.

Басынан жарақат алған оқушы қазір үйінде емделіп жатыр. Мектеп директоры ол сабаққа  оралғасын, төбелескен жеткіншектерді татуластырамыз деп сендірді. Бірақ мұғалімдер әлі келісімге келе алар емес

Е. Карин