Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Жамбыл облысында оқ-дәрілер фрагменттерін жоспарлы жару жұмыстары басталды

AstanaTV
14.10.2021ж. 20:00
1594
Жамбыл облысында оқ-дәрілер фрагменттерін жоспарлы жару жұмыстары басталды

Бүгін таңертең Жамбылда тағы да жарылыс болды. Әбден қорқып қалған тұрғындар  дүмпудің даусын естіп елеңдеп қалды. Бірақ, қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қоймада қалған оқ-дәрілер фрагменттерін жару жұмыстары басталған. Бұл-жоспарлы жарылыс.  Ешқандай  қауіп жоқ дейді.  

Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:

26 тамызда болған жарылыстан қалған оқ дәрілердің қалдықтарының көзін жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. МІНЕ, біз қазір әскери бөлімнен 10-12 шақырым таудың етегінен арнайы орын белгіленген. Бүгінге алты жарылыс жоспарланған. Бұл жарылыстардың жалпы тұрғындарға да әскерилерге де еш қауіптілігі жоқ. Себебі, арнайы белгіленген орынның жан жағы оқшауланып, әуеден бақылауйтын құрылғылар да ұшып жүр.  


Түске дейін екі жарылыс болды. Қалған төрт дүмпу түстен кейін жүргізілді.  400 келіден астам жарамсыз оқ-дәрілердің көзі жойылған.  

Еркін ӘБСАДЫҚОВ, 28/349 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ:

Күніне 3-4 жарылыстан жүргізілетін болады. Тасымалдау кезінде барлық қауіпсіздік шаралары сақталады.

Қауіпті заттардың көзін жою 13 қарашаға дейін жалғасады. Ал, онсыз да қорқынышпен күн кешіп жүрген қайнарлықтар  жарылыстан әбден мезі болғандарын айтады.

БЛИЦ:

- Бізге бәрінің үйлерге кіріп айтты. Осылай бүгін жарылады қорықпаңыздар, тауға апарып жарамыз деді. Ататындарын атып, жаратындарын жарып бітсе екен. Өлетін болды уже қорқып-қорқып шыны керекше шаршап кеттік.

- Менің тек қана бірақ нәрсе сұрайтыным осы. Часттағы жарылыстың бәрін алып кетіп, елді тыныш өмірге апарса болды.


Тарсыл-гүрсілден шаршаған тұрғындарға әскерилер жақын арада ауыл қауіпсіз аймаққа айналады деп уәде етуде.   Әзірге әр жарылыстың  алдында  жұртшылық міндетті түрде хабардар етіледі.

Б. Жұмабайұлы