Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Таразда іздеуде болған полицей прокуратураға өзі келген

AstanaTV
21.08.2017ж. 20:00
2251
Таразда іздеуде болған полицей прокуратураға өзі келген

Әріптестерімен төбелесіп, біріне пышақ сұққан Тараздағы полицей Мұрат Үмбетәлиев ұсталды. Ол Шу аудандық прокуратурасына өзі келген. Бұл туралы Бас прокурордың аға көмекшісі Қуаныш Иманғали айтты. Қазір күдікті уақытша ұстау абақтысында.

Айта кетейік, Таразда Ішкі істер департаментінің білдей басқарма басшылары төбелесіп, оның бірі - Мұрат Үмбетәлиев Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысына пышақ сұққан еді. Қаланың қақ ортасында қақтығысқандар бейнебақылау камерасына түсіп қалған. ІІД лауазымды екі полицейі жұмыстарынан қуылды. Ішкі істер министрлігі департамент басшысының екі бірдей орынбасарын да қызметтерінен босатқан болатын.