Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Оңтүстік Қазақстанда кәсіпкерді бопсалаған кәсіпкер 10 жылға жаза арқалады

AstanaTV
21.08.2017ж. 20:00
2743
Оңтүстік Қазақстанда кәсіпкерді бопсалаған кәсіпкер 10 жылға жаза арқалады

Оңтүстік Қазақстанда депутатты бопсалаған экс-депутат 10 жылға сотталды. Ол өзінің  әріптесінен 1 млн АҚШ ақшасын талап еткені үшін айыпталған болатын. Сайрам аудандық мәслихатының депутаты болған Бақыт Аймырза есімді азамат ел ішінде «Баха» деген лақап атпен танымал. Сайрам ауданының белді кәсіпкері жәбірленуші іскер азаматтан  темір-бетон зауытын өз атына аударып беруді талап еткен. Істі қараған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Бақыт Аймырза жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтеуді үкім етті.

Дәурен Мадалиев, ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы: 

Жәбірленушіге тиесілі зауытын талап еткен. Сол зауытқа тиесілі техниканы талап еткен. Жәбірленуші бұл зауыт «менікі емес» деп жауап берген кезде, сотталған тұлға оған «1 млн доллар зауыттың құнын 1 млн доллар бересің» деп қорқытып, сондай ақшаны талап еткен.

Сотталған Сайрам ауданының 54 жастағы тұрғыны өз жерлесінен 9 млн 400 мың теңгені санап алып жатқан кезде Ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен ұсталған болатын. Полицейлер күдіктінің үйін тінту кезінде 9 дана атыс қаруы мен мыңға жуық әр түрлі калибрлі оқ тәркілеген.