Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматы облысында 39 жастағы сатушы дүкенге келген тұтынушыны өлтірді деген күдікке ілінді

AstanaTV
19.10.2021ж. 20:00
2215
Алматы облысында 39 жастағы сатушы дүкенге келген тұтынушыны өлтірді деген күдікке ілінді

Алматы облысында 39 жастағы сатушы дүкенге келген тұтынушыны өлтірді деген күдікке ілінді. Екі азаматтың  арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталған. Күдікті тергеу кезінде  келушінің кеудесіне пышақ сұғып алғанын мойындады. Толығырақ әріптесім Әсем Лесбек жалғастырады.

Тұрар ауылында қанды қырғын болған  дүкеннің есігі қазір жабық тұр. Сыртында қанның іздері қалған. Бірақ, сол маңда тұратындар сатушыны жамандыққа қимайды. Өте жайдары, жақсы адам еді дейді.  

Мәдибек ЖАППАСБАЕВ, ТҰРАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Естіген кезде шок болдық қой. Не может быть ол деп. Спокойный жақсы жігіт, ешкімге қатты сөзі жоқ болатын. Біреумен ерегісіп жатқанын біреуге қатты сөйлеп жатқанын естіген емеспін.

Жергілікті жұрт даулы оқиғаға ішімдік себеп болғанын айтады.  54 жастағы азамат  дүкенге мас күйінде кіріп, артынша жанжал шығарды дейді. Сол сәтте сатушы оған пышақ сұғып алған болар деп отыр.  Олардың  айтуынша, оқиғаға тәртіп сақшыларының да қатысы   болуы мүмкін.

Татьяна ТІЛЕУБАЕВА, ТҰРАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Ауылда полиция жұмыс істемейді. Тәртіп орнатып жатқан бір адам жоқ. Ұры-қарылар, мас адамдар, нашақорлар көп жүреді. Кеш батса бітті барлығы осында жиналады. Дүкеннен қарызға алып тойлатып жүреді.

Тұрарлықтар шағымымызды облыстық әкімдікке талай жеткіздік дейді. Бірақ одан түк шықпаған көрінеді.  Ал полиция    сатушының қамауға алынғанын мәлімдеді. Күдікті тергеу кезінде кінәсін мойындаған.

Ақбота ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Анықталғандай күдікті азамат дүкенде сатушы болып жұмыс істеген. Сатып алушымен туындаған жанжал барысында ол, оның кеудесіне пышақпен ұрған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Күдіктінің ісі қылмыстық кодекстің  «адам өлтіру»  бабы бойынша тергеліп жатыр. Кінәлі екені  дәлелденсе, ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ә. Лесбек