$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Астана әуежайында жалған құжатпен екі Сирия азаматы ұсталды

AstanaTV
21.08.2017ж. 20:00
3153
Астана әуежайында жалған құжатпен екі Сирия азаматы ұсталды

Астанада екі сириялық азамат жалған құжатпен ұсталды. Олар Астана әуежайынан Ұлыбританияға бара жатқан жерінде қолға түскен.

Шекара қызметінің ақпарынша, Астана-Лондон рейсін тексеру кезінде олар күдік туғызған.  Олардың Болгар азаматтығы көрсетілген төлқұжаттары ішінара жалған болып шыққан. Ал сириялық босқындар Ұлыбританияға табыс табу мақсатымен ұшпақ болыпты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлемде 65 миллион адам босқын болса, оның 5 миллионы сириялықтар.

Диана САПАРҚЫЗЫ