Алматылық әйел кішкентай баласын көліктің астына тастамақ болғаны ма? Оқиға Наурызбай ауданындағы жер үйлердің аумағында тіркелді. Жолдың ортасына баласын отырғызған әйелдің әрекеті сол маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрда келіншек сәбиді көшеге шығарып, көлік жолына отырғызып кетеді. Әйелдің қылығын кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам байқаған. Ол бүлдіршінді тұрғызып, жолдың шетіне шығаруға тырысады. Осы уақытта әлгі әйел үйінен жүгіріп шығып, екеуіне бас салады. Сұмдық жағдай желіде тарап, ондағылардың наразылығын тудырды.
JANAR_NASIPKAZINA:
Құдай сақтасын неғылған әйел асырай алмаса маған берсін. Жолға қалтырғаны несі машина қағып кетсе қайтеді, жұлқылап жатыр, баланың кінәсі не?
ROZALIIAKARYNSAUOVA:
Ол машина қағып кетсін деп әдейі тастап кетті. Мына әйелді тауып алу керек, әйтпесе бір амалын тауып баласын құртады.
Қалалық полиция қазір бұл оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Мән-жәйді анықтап, кінәліге заң жүзінде шара қолданбақ. Ал психолог маманның айтуынша, бейтаныс әйелдің мақсаты оңай ақша табу болуы да мүмкін. Сәбиін жолдың ортасына қалдырып оны қаққан жүргізушіден қаражат талап еткісі келеген.
Айгүл АЛТАЙҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ:
Жеңіл ақша жолдарын табу мәселесі. Бұл жерде ана, баланы жолға өз еркімен тас жүректі боп жолға қойып отыр. Яғни жүйке жүйесі де сыр берген әйел. Психикасы да дұрыс емес. Екіншіден өзі қаламаған бала. Махаббатпен өспеген баланы дүниеге әкелу.
Ә. Лесбек