$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматы облысында таксиде отырған бойжеткенді қасындағы жолаушы жігіт қорлап кеткен

AstanaTV
22.10.2021ж. 20:00
1927
Алматы облысында таксиде отырған бойжеткенді қасындағы жолаушы жігіт қорлап кеткен

Алматы облысында таксиде отырған бойжеткенді қасындағы жолаушы жігіт қорлаған. Күдікті ер адам қызды ұрып-соғып, алтын алқасын да ұрлаған. Полиция департаменті қылмыс такси жүргізушісінің қатысуымен жасалғанын мәлімдеді. Ал жергілікті тұрғындар таксиге отырудан қорқатындарын айтты. Әріптесім Әсем Лесбек жалғастырады.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Бойжеткен таксиге түңгі сағат 3-тер шамасында қаладағы нөмірі 1-ші теміржол вокзалының маңынан отырған. Оған тоқтаған такси жүргізушісінің жанында тағы бір жолаушы болған.

Ал ол жолаушы жігіт таксисттің танысы болып шығады. Екеуі жас қызды алған соң Түймебаев ауылына бет алған. Жолаушы жігіт көлікті айдалаға тоқтатуын өтініп, ойындағысын іске асырады. Қызға қол көтеріп, алтын алқасын тартып алады. Жергілікті жұрт бұл оқиғадан бейхабар.

Мәнет ЖҰМАБАЕВА, ТҮЙМЕБАЕВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Құдай сақтасын оны естіген жоқпыз. Немерелерімізді балаларым әкеледі. Шешелері барып әкеледі. Сенбейсің ғой  соған қорқасың. Жаяу бір талай жер бар. Жаяуға да қиын ғой.

Көпшілік беталды таксимен жүруден қорқатындарын айтады. Отырған жағдайда оны тексерген жөн дейді.
 
Ислам ӘРІПЖАНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Таксистерге сенбеймін. Өйткені олардан не күтеріңді білмейсің. Үйіңіз жақын болса жаяу барғаныңыз дұрыс. Алыс болып жатса үйіңіз через предложения шақырған дұрыс.

Анжелина ЛОМИКОВСКАЯ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен өзім көбіне мобильді бағдарламалар  арқылы шақырамын. Былай көшеде ұстауға қорқамын. Дөрекі сөйлеп, жағымсыз иіс шығып тұрғанынан-ақ оның қауіпті екенін байқаймын.


Жаға ұстатарлық оқиғадан кейін тәртіп сақшылары 17 жастағы Боралдай кентінің тұрғынын ұстаған. Ер адам тергеу кезінде такси жүргізушісінің танысы екенін растаған. Сондай-ақ полиция 22 жастағы такси жүргізушісін де қолға түсірген.
 
Ақбота ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 120-бап 1-бөлігі және 191-бап 2-бөлігі бойынша қылмыстық тергеу жүргізіліп жатыр.


Яғни Полиция күдіктілердің әрекетін «зорлау» және «тонау» баптары бойынша тергеп жатыр. Екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Жауап алу кезінде қылмыстарын толық мойындапты.

Ә. Лесбек