$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Донер мен кола өміріңізді 50 минутқа қысқартады

AstanaTV
26.10.2021ж. 20:00
4084
Донер мен  кола өміріңізді 50 минутқа қысқартады

Донер адам өмірін 36 минутқа қысқартады. Ал онымен ішетін кола  – ғұмырыңызды 13 минутқа кемітеді. Ғалымдар осылай дейді. Оны түрлі зерттеулер нәтижесімен дәлелдеген. Бірақ оған құлақ асып жатқан жан бар ма?   Фастфудтан бас тарту үшін не істеу керек? Тақырыпты тілшіміз Ақбота Базарбай жалғастырады.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Қазір   екінің бірі донер жейді. Көше тағамдарының ішінде дәл осы тез әзірленетін әрі дәмді асқа сұраныс өте жоғары. Ал оның да зияны бар екенін  біреу білсе біреу білмейді. Мысалы, оның құрамындағы ет пен картоп қайта өңделген өнім. Картоп қайта қайта пайдаланылған майға қуырылған, ал ет асылған, отқа қақталған, онан кейін престеліп, қайта қақталған. Яғни ондағы барлық пайдалы дәрумен жойылып кетеді.


Кез-келген өңделген еттің бір грамы орта есеппен өмірді 45 секундқа қысқартады.Шұжықтың әр граммы адам өмірін 27 секундқа азайтады.
Ал хот-догтың құрамында қауіпті натрий мен трансмайлы қышқылдар көп.

Жанар ҚАЛМАҚОВА, ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Негізінен адам өміріне ең қауіпті 3 өнім бар. Ол - трансмайлар, қант және тұз. Осы заттар денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді. ВОЗ-дың мәліметі бойынша адам тәулігіне 5-ақ грамм тұз тұтынуы керек.

Сондай-ақ қызыл ет, қуырылған азық-түлік те денсаулыққа зиян. Тіпті қуырылған тауықтың бір порциясы мерзімінен бұрын өлу қаупін 13 пайызға арттыратын көрінеді.  Кез-келген қуырылған тамақ жүрек, қан-тамыр жүйесін нашарлатып, қант диабетін туғызуы мүмкін.

Махаббат ИБРАГИМҚЫЗЫ, ДӘРІГЕР-ДИЕТОЛОГ:


Ең жаман, ақ өлім дейді ғой, ол -қант. Өйткені бізде қант барлық жерде қосылады. Мысалы ол соус дейік, тәтті тағамдар дейік, және мына жалпы  кухняның өзінде де қосылып жатқан тамақтардың барлығына қант қосылады.

Басқа өнімдерді былай қойғанда, фастфудтың зиян екенін дабыл қағып айтқан біз ғана емес. Бірақ жейтін ауыз тиылар емес.

БЛИЦ:
 
- Иә, өйткені тез-тез дайындалады. Тез-тез жеп кетесің асығыс кезде.
- Бұрынғы адамдар неге долгожитель болды? Олардың тамақтары экологический чистый еді. Қазір бәрі химикат қой.


Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Күнделікті, еш алаңсыз жейтін тағамымыз осыншалықты қауіпті екенін білмеген шығарсыз. Дегенмен, өмірді ұзартатын пайдалы өнімдер де жетеді. Жаңғақтың бір порциясы өмірімізге 26 минут қосса,  арқан балық, яғни ласось – 16 минут өмірімізді ұзартады. Сондай-ақ, дәнді дақылдар мен жеміс-жидектерді көп тұтыну керек дейді мамандар. Тек кеш тамақтанудан бас тартқан дұрыс.

 
А. Базарбай