Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылжарда 17 жасар қызды зорлаған жігіттердің туыстары жәбірленуші тарапқа қысым көрсетіп жатыр

AstanaTV
29.10.2021ж. 20:00
4596
Қызылжарда 17 жасар қызды зорлаған жігіттердің туыстары жәбірленуші тарапқа  қысым көрсетіп жатыр

Қызылжарда 17 жасар қызға бір топ жігіт зорлық көрсеткен. Күдіктілер қамауға алынды. Бірақ олардың туыстары жәбірленуші тарапқа қысым көрсетіп жатқан көрінеді.  Зәбір көрген жасөспірімнің   анасы бұл туралы «Немолчи» қоғамдық қорының порталында жариялады. Оның айтуынша,  айыпталушылардың жақындары  қылмысты жылы жауып қоюды көздейді.  Бір ымыраға келгісі келеді. Бірақ ол кінәлілердің жазаланғанын қалайтынын айтады.  Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.  

СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Аталған факті  қылмыстық кодекстің  «кәмелеттік жасқа толмаған азаматты зорлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу тізіліміне енгізілді. Күдікті ретінде Петропавлдың 5 азаматы қарастырылып отыр. Олар қамауға алынды. Тергеу әділ болу үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.


А. Құрманкин