Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Аяжан Еділованың өліміне қатысты күдікті алқабилер сотынан бас тартты

Аяжан Еділованың өліміне қатысты күдікті алқабилер сотынан бас тартты

Бүгін Алматыда  Аяжан Еділованың өліміне  қатысты сот ісі басталды.   Атышулы процесс  жабық режимде қаралады. Алдын ала тыңдауда сотталушының ісін алқабилер емес, судьяның қарайтыны белгілі болды. Күдікті  алқабилер сотынан бас тартты.

Абай ЖАРЫЛҚАСЫН, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі тыңдалымда істі судьяның қарайтындығы белгілі болды. Заң талаптарына сәйкес сотталушы алқабилердің сотқа қатысу құқығынан бас тартты. Келесі сот отырысы жабық түрде 9-шы қарашада болады.

Жеті айға жуық тергелген іс қылмыстық кодекстің «зорлау» және «адам өлтіру» бабымен қаралады. Естеріңізге салайық,  19 жастағы Аяжан 19-шы наурыз күні кешкісін жұмыстан шығып, қайта үйіне оралмаған еді. Екі күнен икейін оның бөлшектелген  Нұркент ықшамауданындағы пәтерлердің бірінен табылған. Ал күдікті ретінде Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны    ұсталған болатын.

Ә. Лесбек