Алматыда ұшақ апатынан қаза тапқан Азаматтық авиация академиясының оқытушы-ұшқышы туған елінде жерленеді. Сергей Курченконың мәйітінін Украинадан келген әйелі мен қызы алып кеткен. Бұл туралы біздің арнаның тілшілеріне Азаматтық авиация академиясының пророекторы міндетін атқарушы Шәміл Берішев айтты. Оқу орны өкілінің айтуынша, марқұмның денесі қалалық мәйітханадан алынған соң «Эйр Астана» компаниясының ұшағымен туған жеріне жөнелтіліпті.
Шәміл Берішев, ҚР Азаматтық авиация академиясы проректорының міндетін атқарушы:
Сергей
Петрович Курченконың жары мен қызы
келді. Олар мәйітханаға барып, арнайы сот медициналық сараптаманың
қортындысымен танысты. Сосын біз ұжымымызбен оларды шығарып салдық. Әуежайда
арнайы дастархан жайылып, қоштасу сөздері айтылды. «Эйр Астана» компаниясының
кешкі рейсімен аттанып кетті. Олардың жол жүру ақысын әрі материалдық тұрғыдан
көмек көрсетуді академия өз мойнына алды.
Айта
кетейік, 10 тамызда Алматы облысында
Академияға тиеселі шағын әуе кемесі апатқа ұшыраған еді. Оның бортында болған
инструктор-ұшқыш пен 3-курс студенті Айдар Әбішев оқиға орнында мерт болды.
Әзірге арнайы комиссия апат себебін жариялаған жоқ.