Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Испаниядағы терактіден 13 адам қаза болды

AstanaTV
18.08.2017ж. 20:00
1767
Испаниядағы терактіден 13 адам қаза болды

Испанияда теракт. 13 адамның өлімін ДАИШ террорлық ұйымы өз мойнына алды. Барселонадағы Рамбла жаяу жүргіншілер алаңындағы туристерді микроавтобус жаншыған. 100 адам зардап шекті. Олардың арасында 25 елден келген турист бар деген ақпарат тарады. Қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ. Ал жарақат алған жерлестеріміз бар ма? Тілшіміз Диана Сапарқызы білді.

Испания бұл терактіге қатысты 3 күндік қаралы күн жариялады. Бүгін Қазақстандағы Испания елшілігінде де ту түсірілген. Адамзатты аландатқан құбылыс қазақстандықтарды да бей-жай қалдырмады. Бүгін Қазақстан Президенті де Испания короліне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл жантүршігерлік әрекетті қатаң айыптап, терроризммен күресті күшейтуді қолдайтынын жазған.

Зардап шеккендер арасында 25 елдің азаматтары бар. Австрия, Ұлыбритания, Канада, Кувейт, Пәкістан, АҚШ. Түркия, Филиппин, Германия, Греция басқа да мемлекеттерден азаматтары түрлі жарақат алған. Куәгерлердің айтуынша, фургон сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүрген. Ал көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілердің көбісін қасақана қағып кетуге тырысқан. Алайда, фургон полицейлерден қатты жылдамдықпен қашып жүріп келе жатып, аударылып қалған.  Төртеуінің көзі жойылып, біреуі қамауға алынған. Кейін ол ауыр оқ жарақатынан көз жұмған. Дәл сол кеште Альканар және Каталония қалаларында бірнеше полиция қызметкерлері жарқат алған.

Оскар Кано, теракт куәгері:

Каталония алаңына келгенде сол жерге жүк көлігі келгенінін байқадым. Айқай шулар естілді.  Ақ минифургон қалай болса, солай жүре бастады. Полиция қызметкерлері соңынан қуа бастады. Басында көлік апаты ма деп ойладым. Алайда, адамдар террористік атыс дегенде ғана аңғара бастадым. Кетіп бара жатқанымда жарақаттанған адамдардың шуы естілді.

Шабуылдан кейін, қылмыскер дәл осы фургонда испандық төлқұжатты ұмытып кеткен.  Кейін төлқұжаттың иесі табылып, фургонды жалға алғанын мойындады. Бірақ оның терактіге қатысы жоқтығы анықталған. Қазір ұйымдастырушылар іздестіріліп жатыр. Полиция 18 жастағы Муса Укабира есімді күдіктінің ізіне түскен. Бірнеше сағаттан кейін, Испанияның Камбрильс аймағында да теракт болғаны анықталды. Зардап шеккендер арасында 1 адам қаза болған.

Хоаким  Форн, Каталония ішікі істер министрі:

Адамдарға Рамбла қауіпті аймағында жүрмеуді, үйлерінен шықпауды сұрадым. Және полиция қызметкерлері айтқан жадынамалар бойынша жүруді де сұрадық. Қазір полиция оқиға орынында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, сондықтан қауіпсіздік жадынамасын ұстануды сұраймыз.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Барселонадағы терактіден зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Әнуар Жайнақов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Алдын ала ақпарат бойынша Барселонадағы теракт салдарынан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл - алдын ала мәліметтер. Анықтау жұмыстары жалғастырылып жатыр. Қазақстанның Барселонадағы консулдығы жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдерімен тығыз байланыс ұстап отыр.

Бүгін Қазақстан сыртқы істер министрлігі  Барселонада жүрген қазастандықтарды адам көп шоғырланған жерлерде жүрмеуге кеңес беріп, өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуді сұрады. Тіпті қазақстандықтар үшін жедел желі телефоны да ашылды.