Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Елімізде көлік тапшы

AstanaTV
03.11.2021ж. 20:00
1397
Елімізде көлік тапшы

Елдегі автосалондар бос тұр. Көлік қалмаған. Сұраныс жоғары. Соған сәйкес бағасы да қымбаттапты. Мамандар, биыл әлемдегі автоөндірісті микрочиптермен қамтып отырған компанияларда өнім шықпай жатқанын айтады. Әріптесім Динара Жарқынбектің репортажы.

Динара ЖАРҚЫНБЕК, ТІЛШІ:

Автосалондарда жеңіл көлік жоқтың қасы. Барының қожайындары бар. Ал, темір тұлпарға сұраныс 30 пайызға артқан. Десе де, тұтынушылар көлік алу үшін алдын ала кезекке тұрып, оны айлап күтіп жүр.

Мәселен, елорда тұрғыны Гүлшат Орынбаева осыдан жарты жыл бұрын хюндай маркалы тұлпарға тапсырыс берген. Бірақ әлі күнге күтіп жүр.

Гүлшат ОРЫНБАЕВА, ТҰРҒЫН:


Мен осыдан жарты жыл бұрын машина аламын деп салонға бардым. Бірақ өзім таңдаған көлік болмағандықтан, күтіңіз деді. Шартқа отырдым. Сол енді 6 ай болды күтіп жүргеніме, бұрын жолдасым алғанда бұлай күтпегенбіз. Әрі кетсе 1, 1 жарым ай күттік. Енді өзім алайын десем, жарты жыл болды міне. Қашан келетінін нақты айтпады.


Сарапшылардың дерегінше, бізде ғана емес, әлем бойынша автоиндустрия құлдыраған. Бұған жер шарындағы пандемия әсер етті дейді. Өндіруші компаниялар, сұранысқа сай тек ИВЛ аппараттар мен гаджеттерге басымдық берген. Сол себепті, автотранспорттардың микрочиптерін өндіру жұмысы кідірген.

Ербол СЕЙПІЛОВ, ҚАЗАҚСТАН АВТОКӘСІПКЕРЛІК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

Пандемия кесірінен ірі микросхемалар шығаратын ірі Тайвндық компаниялар бар және Кореялық компаниялар бар. Сол автоиндустрияға негізі өзінің шығаратын өнідірістің 50 пайызына көбін негізі автоиндустрияға бөлген болатын. Ал автоиндустрия тоқтаған кезде олар гаджеттер мен смартфондарға сұраныс артқандықтан, соларға өздерінің сұранысын артқан болатын.

Дегенмен биыл жылдағыға қарағанда отандық өнім 25 пайызға артық көлік құрастырған. 9 айдың қорытындысы бойынша, 89 мыңнан аса темір тұлпар иесін тапқан. Соған қарамастан кезекке тұрып, көлігін күткен азаматтар қатары күн сайын көбейіп келе жатыр, -дейді мамандар. Бұл өз кезегінде көлік бағасына әсер етуде. Ал, біздегі кейбір автосалондар тіпті тапсырыс қабылдауды уақытша доғарған.
Биыл жеңіл көліктердің құны артқан. Сарапшылар, баға әлі де өседе деп отыр.  

Артур МИСКАРЯН, "ҚАЗАВТОӨНЕРКӘСІП" СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ДИРЕКТОРЫ:
 
Автокөліктердің құны қазір 22 пайызға өскен. Ең үлкен сұраныс 5-6 млн теңгедегі автомашиналар. 10-12 млн тұратын көліктерге де сұраныс аз емес.

Мамандар келесі жылы жағдай тұрақталып қалар деп үміттенеді. Дейтұрғанмен, бүгінде дүниежүзі бойынша 9 млн-ға жуық автомашинаны қожайыны асыға күтіп жүр екен.  

Д. Жарқынбек