Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қарағандыда көлік өрті көбейді

AstanaTV
03.11.2021ж. 20:00
1061
Қарағандыда көлік өрті көбейді

Қарағанды облысында көлік өрті көбейді.  3 аптада 20 -дан астам машина  жанып кеткен.  

Соңғы бірнеше күнде Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Шахтинск қалаларында, Ақтоғай және Қарқаралы аудандарында 9 көлік өртенген.  Ал жыл басынан бері екі жүзден астам  темір тұлпар істен шыққан. Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, оқыс оқиға электр жүйелеріндегі ақау салдарынан туындайды. Сондай-ақ жүргізушілердің қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болады дейді.

Жанна ДӘУРЕНБЕКОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
 
Күн суығаннан бастап Қарағанды облысында автокөліктердегі өрт санының өсуі байқалды. Кез келген автокөлікте өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Ол біріншіден барлық жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін үнемі қадағалау қажет. Сонымен бірге көліктің ішінде әрқашан өрт сөндіргіш болу керек.

А. Қуаш