Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Есірткі қылмысына қарсы тиімді күрес жүргізу үшін заңнаманы жетілдіру қажет – Nur Otan

AstanaTV
04.11.2021ж. 20:00
1065
Есірткі қылмысына қарсы тиімді күрес жүргізу үшін заңнаманы жетілдіру қажет – Nur Otan

Жыл басынан бері 8 ұйымдасқан қылмыстық топ анықталып, 13 есірткі зертханасының жолы кесілді. 16 қылмыстық іс қозғалған. Бұдан бөлек 50 келіден асатын дайын есірткі заттары тәркіленген. «Кибер қадағалау» жүйесі арқылы 900-ден астам есірткі сайты бұғатталды. Бұл туралы "Nur Otan" құқықтық кеңесінің кезекті отырысында, Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров айтты. Сондай-ақ, бұл бағыттағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысы да ауыз толтырып айтарлықтай. Биыл олар шетелдік серіктестермен 11 операция жүргізіп, трансұлттық есірткі құрылымдарының 27 қатысушысын ұстаған.

Асан ӘУБӘКІРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

Есірткі саудалаушылардың қаржылық схемалары ерекше назар аударуды қажет етеді. Интернетте ақша сомаларын цифрлық валютаға айырбастау жүзеге асырылады, бұл қылмыстық жолмен тапқан кірістердің құпиялылығы мен заңдастырылуын қамтамасыз етеді. Бұл салада құқықтық негіздің болмауы қылмыстық қаражат айналымының өсуіне және оларды шетелге ешқандай бақылаусыз шығаруға ықпал етеді. Сонымен қатар, виртуалды валютаға айырбасталған қылмыстық капиталды мемлекет кірісіне тәркілеу мәселесі басы ашық күйінде қалып отыр.


Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Нәзиля Раззак Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз Жолдауында есірткінің таралу жолына күшті тосқауыл қоюды тапсырғанын еске салды. «Бұл үшін есірткі мен психотроптық заттарды жіктеуге бірыңғай ұстанымды әзірлеу, есірткі құралдарының жаңа буынына қарсы жедел әрекет ететін құқықтық тетік құру талап етіледі. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарына заңнаманы өзгерту бойынша ұсыныстар енгізуді ұсынамыз», деді.

Б. Сатуов