Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Моноқалалардың халқы 2 есе азайып кетті – Мемлекет басшысы

AstanaTV
04.11.2021ж. 20:00
1570
Моноқалалардың халқы 2 есе азайып кетті – Мемлекет басшысы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен   барды.  Мемлекет басшысы  онда  еліміздегі моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізді. Жиында шағын қалаларды дамыту барысымен танысып, олардың болашағы туралы сөз болды. Соңғы жиырма жылда  моноқала тұрғындары екі есе азайған. Бұл ойландыратын мәселе деді,- Президент. Шағын қалаларда өндірістік өнеркәсіп өнімдерінің 40 пайызға жуығы өндіріледі.  Сондықтан   моноқалаларға назар аудару маңызды екенін атап өтті. Елімізде қалалардың 30 пайызы - шағын қала боп есептеледі.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Моноқалалардың экономикасын әр тараптандыру айрықша маңызды. Басқа да салаларды дамытып,  жаңа жұмыс орындарын ашу -өзекті мәселе.Бізде әлі күнге дейін моно қалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным мен ортақ пікір жоқ. Соның салдарынан мемлекеттік қолдау шаралары тиімсіз атқарылуда.

Енді  әлеуеті төмен шағын қалалардан қоныс аударушылар үшін жеңілдетілген ипотека бағдарламасы ашылады. Президент Үкіметке өңірлерді дамытудың жалпыұлттық жобасы аясында моноқалаларды даму әлеуеті төмен өңірлер қатарынан шығаруды тапсырды. "Бұл азаматтарды мамандарға мұқтаж, болашағы зор, дамып келе жатқан қалаларға ерікті түрде қоныс аударуға ынталандырады" деді,- Мемлекет басшысы.

Б. Сатуов