$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда Аяжан Еділованің өліміне қатысты басты сот отырысы өтті

AstanaTV
09.11.2021ж. 20:00
2110
Алматыда Аяжан Еділованің өліміне қатысты басты сот отырысы өтті

Алматыда аса қатыгездікпен өлтірілген Аяжан Еділованың өліміне қатысты басты сот отырысы өтті. Процесс жабық есік жағдайында болды. Қалалық соттың хабарлауынша, атышулы істі судья Еркін Майшынов қараған.Отырыста прокурорлар айыптау актісін оқыған, бір куәгерден жауап алынған. Марқұмның туысқан әпкесінің пікірі тыңдалған. Жәбірленуші тараптың қорғаушысы сот процесіне дейін айыпталушы жақтан ешкім келмеді дейді. Күдіктінің өзі жәбірленуші жақтан  кешірім де сұрамағанын айтады.  Кінәлі қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру қажет дейді.

Қадыржан ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ, ЖӘБІРЛЕНУШІ ТАРАПТЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:

Адам өлтіргені үшін   максималды жаза 20 жыл болса, адам зорлағаны үшін 12 жыл. Біздің қылмыстық кодексте бір тәртіп бар.  Егер барлық қосылған  қылмыстың жауапкершілік санаттары 25 жылдан асатын болса, оған иә 25 жыл беріледі, иә өмір бақи бас бостандығынан айрылады. Жеке басым өмір бақи сұраймын.


Қорғаушы Қадыржан Ғалымжанұлының айтуынша, атышулы іс шамамен 1 жылдай қаралады. Ендігі сот отырысы 3-ші желтоқсанда өтеді. Айта кетейік, дүйім елді дүр сілкіндірген оқиға жарты жыл бұрын болған. 19 жастағы Аяжан кешкі уақытта жұмыстан шығып, үйіне қайта оралмаған. Араға екі күн салып оның бөлшектелген денесі Нұркент ықшамауданындағы пәтерден табылған. Күдікті ретінде Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны    ұсталған болатын.

Ә. Лесбек